Осылайша, 19 маусымда Президент «Кредиттеу кезінде тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Оның аясында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді.  

Азамат өтініш берген кезде несие берушімен борышты реттеу туралы құжатты қосымша ұсыну талап етілмейді деген норма қабылданды. Енді барлық қаржы ұйымы жүргізілген реттеу туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға жіберуге міндетті болады.  

Сондай-ақ өтінішті толтыру кезінде несие берушілер алдындағы қарыздың нақты мөлшерін, сондай-ақ несие берушінің атауын көрсетудің қажеті жоқ. Бұл мәліметтер несиелік бюролар базасынан алынады.  

Сонымен қатар соттан тыс банкроттық кредиторларының тізбесіне жұмыс істеп тұрған қаржы ұйымдарымен қатар барлық банк операциясын жүргізуге, микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензияларынан айырылған не микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің тізілімдерінен шығарылған, оның ішінде таратылған және тарату сатысындағы ұйымдар, сондай-ақ қарыз банктік шарттары бойынша талап ету құқықтары тиесілі, қарыз шарттарына және жеке тұлғаларға микрокредит беру туралы шарттарға өзге де ұйымдар да кірді.  

«Енді өтеу ретінде айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем болып есептеледі, сондай-ақ өтеудің болмау мерзімі, егер коллекторлық агенттік төлемнің болмауының өзге мерзімін растамаған жағдайларды қоспағанда, коллекторлық агенттікке талапты бергенге дейін соңғы төлем жасалған күннен бастап есептелінетін болады. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін негіздерден мыналар алынып тасталды: 12 ай ішінде кредиторлар алдында өтеудің болмауы фактісі, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің елден тыс жерлерге шығуы», – деп түсіндірді ведомство өкілі.   

Келесі нормаларға қатысты өзгерістер енгізілді:  

- қаржы басқарушысының қызметі. Атап айтқанда, енді уәкілетті орган қаржы басқарушысын тағайындап қана қоймай, қызметте бұзушылықтар анықталған жағдай анықталса, оны шеттете алады;  
- қаржы басқарушысының өз сыйақысын алу құқықтарын қорғайтын түзетулер көзделген;  
- жұбайының соттан тыс банкроттықты қолдануға келісуінің міндеттілігі көзделген;  
- борышкердің кредиторға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы хабарлау міндеті алынып тасталды.  

«Банкроттықтан кейін пайда болатын салдарға назар аударамыз. Сот және соттан тыс банкроттықты қолданғандар 5 жыл ішінде банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие ала алмайды, банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана алады, олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін 3 жыл бойы тексеріледі. Банкроттықтың салдары бар екенін бәрі түсінуі керек», – деп түйіндеді Сейілжан Ахметов.