Digital Justice жобалар портфелі аясында «Цифрлық сот орындаушысы» жобасы іске асырылды, ол атқарушылық құжаттарды орындау бойынша процессуалдық іс-әрекеттерді өз бетінше және объективті түрде жүргізеді. Бұрын қарызды уақтылы өтемеген жағдайда, азаматтар жеке сот орындаушысына айыппұл сомасының қосымша 25%-на дейін төлеуге мәжбүр болды.