Азаматтарға «Е-заң көмегі» жүйесі арқылы іске асырылатын заң көмегін көрсету бойынша процестерді автоматтандыруға мән беріледі. Ол адвокаттық қызметті және заң кеңесшілерінің қызметін автоматтандыруға арналған. «Е-заң көмегі» мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимде консультацияны қамтамасыз ету іске асырылды. Жақсартылған интерфейсі бар IOS және Android жүйелеріне арналған жаңа мобильді қосымша платформасы әзірленді. Құқықтық сауаттылықты және құқықтық кеңес алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында министрлік ағымдағы жылы «Е-заң көмегі» мобильдік қосымшасында жасанды интеллекті бар чат-ботты енгізуді жоспарлап отыр.