Қарағанды облысының экономикасындағы негізгі бағыттардың бірі – шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау. Орталық коммуникациялар қызметінде өңір басшысы атап өткендей, өңір көмір және болат қана өндіреді деген тұрақты стереотип қалыптасқан. Бірақ соңғы 10 жылда экономика құрылымы үлкен өзгерістерге ұшырады. Бүгінде Қарағанды - ірі орталық, сауда мен қызметтердің үлесі жоғары агломерацияның өзегі, мұнда әрбір екінші жұмыс істейтін тұрғын ШОБ саласында жұмыс істейді.