Азаматтарға көрсетілген барлық медициналық қызметтің ақысын уақытылы төленеді. Бұл бағытта 4 функционал іске қосылады. Біріншісі – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен медициналық ұйымдар арасындағы келісім-шарттар цифрландырылып, электронды келісім-шарттар құрылады. Екіншіден, көрсетілген медициналық қызметтердің көлемі тиісті тарифтер арқылы анықталады. Үшіншіден, көрсетілген қызметтердің ақауларына мониторинг жасалады. Төртіншіден, көрсетілген қызметтер бойынша автоматты түрде қаржыландыру жүргізіледі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ брифингінде хабарлады.
Медициналық қызметтердің ақысы автоматты түрде төленеді
Тегтер:
денсаулық сақтау