Биыл Қызылорда өңірінде экономикалық дамудың макрокөрсеткіштері бойынша оң динамика қалыптасты. Осы жылдың 10 айының қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында өсім байқалады. Қызылорда облысы өңірлер арасында көшбасшылар қатарынан көрінді. Өнеркәсіп өндірісі 0,8%, өңдеу өнеркәсібі 22,8%, ауыл шаруашылығы-3%, құрылыс жұмыстарының көлемі-50,2%, тұрғын үй-7,4%, көлік-3,5%, сауда-6,5%-ға өсті. Биылға жоспарланған 517 млрд 500 млн теңге инвестицияның 478 млрд 300 млн теңгесі 10 айда игерілді. Оның 74%-ы – жеке инвестициялар. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметінің Қызылордада өткен көшпелі брифингінде хабарлады.