Шымкентте шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда оң өзгерістер байқалады. Бұл бағыт қала экономикасының негізі болып табылады. Нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 136 мыңнан асып, онда жұмыспен қамтылғандар саны 226 мыңға жетті. Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікпен өндірілген өнім көлемі қала экономикасының 56%-ын құрап отыр. Биыл кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына 23,5 млрд теңге қаралып, есепті кезеңде 15,5 млрд теңгені құрайтын 3 734 жобаға қолдау көрсетілді. Бұл жайлы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.