Атырау облысы – биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің бірі. Жайық өзені деңгейінен көтеріліп, елді мекендерге су басу қаупі төнді. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес Үкіметтің қолдауымен, тұрғындар, кәсіпорындар мен бизнес өкілдерінің көмегінің арқасында үлкен жұмыс атқарылды. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ брифингінде осылай деді.