2024 жылдың көктемінде су тасқыны кезінде өңірдің инфрақұрылымы зардап шекті, 4 мыңға жуық үй су астында қалды. Олардың жартысы – Петропавлда. ОКҚ алаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жерлестеріне қиын кезеңде бірігіп, қатерге қарсы тұра алғаны үшін алғыс айтты.