Су тасқыны және одан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысының экономикасына кері әсерін тигізді. Алайда негізгі салалар бойынша оң өсім байқалады. 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында 130,2%-ға, өнеркәсіпте – 100,1%-ға, құрылыста – 127,3%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үй бойынша – 122,9%-ға, инвестицияларда – 109,4%-ға өсу байқалды. Бұл деректерді ОКҚ алаңында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов айтты.