Басымдық берілген мәселелер бірінші кезекте ана денсаулығын қорғауға бағытталған. Жүкті әйел – Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Бұл туралы ОКҚ дөңгелек үстелінде ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл сайын 300 мыңнан астам жүкті әйел тіркеледі. Оларды динамикалық бақылау және бекіту үшін 5 мыңнан астам МСАК объектілері жұмыс істейді. Диагностикалық зертханалық зерттеулер тегін жүргізіледі.