Бұл саланы дамыту – басты міндеттердің бірі. Биыл дәнді және майлы дақылдардың өнімділігі  25%-ға өсіп, экспорт ұлғайды. Өңделген өнімдердің экспорты бір жылда 37%-дан 65%-ға дейін өсті. Күнбағыс майын өндіруден – Шығыс Қазақстан 1-орында. Облыстың экспорттық потенциалын көтеру үшін биыл халықаралық шаралар шеңберінде экспортқа өсімдік майын тасымалдауға бірнеше ірі келісімшарт бекітілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.