«Tabigat.gov.kz» табиғи ресурстардың интерактивті картасы – географиялық контекске байланысты Қазақстанның экологиялық ахуалы мен табиғи ресурстары туралы ақпарат беретін геоақпараттық платформа. Пайдаланушыларға ластанулар мен экологиялық шиеленістер, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу пунктері, сондай-ақ табиғи ресурстар объектілерінің географиялық деректері туралы ақпарат қолжетімді. Атап айтқанда, жер үсті сулары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, рекреациялық аймақтар, тіршілік ету ортасы және жануарлар әлемінің көші-қон жолдары, сондай-ақ аңшылық жерлер. Осылайша, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғаудың тұтас ақпаратына бірыңғай қолжетімділік қамтамасыз етіледі.