Биыл Алматы облысы үшін басты міндет Мемлекет басшысының экономиканың 6%-дық өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау болды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен 11 айдағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 109,1%-ды құрады, барлық негізгі салада оң динамика қамтамасыз етілді. Өңір экономикасының қарқынды дамуына мол инвестиция тарту оң әсер етті. Биыл облысқа 22,5% өсіммен 778 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.