Ақтөбе – көктемде су тасқыны болған өңірлердің бірі. Бұл ретте, Ақтөбе облысы бойынша су тасқыны салдарынан 4 мыңға жуық үй зардап шекті. Техникалық тексеру қорытындылары бойынша 1 013 үй апатты деп танылды. Аталған мәселені шешу мақсатында ірі бизнес өкілдерінің қаражаты есебінен жалпы сомасы 25 млрд теңгеге 500 үй салынып, 513 дайын үй сатып алынды. Сондай-ақ 3 мың тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге 9,8 млрд теңгеге өтемақы берілді. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында хабарлады.