Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында 2025 жылдағы өңір алдындағы негізгі жоспарлар жайында баяндады. Оның хабарлауынша, келер жылы өңірдің экономикалық өсімін кемінде 103% деңгейінде қалыптастыру күтілуде. Бұл ретте, өнеркәсіп бойынша 2 трлн теңгеге өнім өндірілмек. Сондай-ақ облысқа 1 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады.