«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бБасқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ брифингінде атап өткендей, қайта жаңарту және құрылыс жобаларымен 3 100 шақырым, ал күрделі жөндеумен 600 шақырым жол қамтылды. 5000 шақырым жолда орташа жөндеу жүргізілді. Мәселен, 2024 жылы жол-құрылыс маусымында 9100 арнайы техника, 91 асфальтбетон зауыты, 83 ұсақтап іріктеу құрылғылары жұмылдырылып, 1 млн 280 мың тонна битум жұмсалды.