Облыста туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туристер санының өсуіне ықпал етті. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңындағы есеп беру брифингінде атап өткендей, биыл өңірге 2 млн-нан астам турист келді. Алакөл жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамыту қолға алынды. Кәріз тазарту жүйесінің, «Бескөл-Ақши» электр желілерінің құрылысы басталды.