Ауыл шаруашылығы – Маңғыстау өңірінде қарқын алып келе жатқан салалардың бірі. Биыл 34,5 млрд теңгеге жуық өнімі өндірілді. Мал шаруашылығында өнім шығару көлемі 31%-ға көбейді. Балық шаруашылығын дамыту – өңірдің әлеуетті даму бағыттарының бірі. Облыста кәсіби балық аулау шаруашылығын дамыту мәселесі қолға алдынды. Бұл жайлы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында хабарлады.