Қостанай облысының халқы өңірде өндірілетін электр энергиясынан 4 есе көп электр энергия тұтынады. Сондықтан энергияға тәуелділікті азайту қажет. Мәселен, облыста 2 жел электр станциясы бар. Электр энергетикасы жүйесін қайта құру мақсатында жаңартылатын энергия көздерін ұлғайту жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ алаңында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов айтып берді.