Жолдауда Президент жолдардың сапасына ерекше назар аударды. Қостанай облысында осы жылы жергілікті автожолдарды жөндеуге 36,6 млрд теңге бөлінді. Өңір әкімі Құмар Ақсақалов атап өткендей, бұл республика бойынша жергілікті бюджеттерден бөлінген ең ірі сома. Өңірде жалпы пайдаланымдағы 1 350 шақырым автожол және 108 елді мекенде 371 көше жөнделді.