Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын нақты қорғау атқарушылық құжаттардың толық және уақытылы орындалуымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы сот орындаушыларының қолында 16,6 трлн теңгеден астам сомаға 8,8 млн-ға жуық құжат болды. Нақты орындалған сома 428 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 84 млрд теңгеге артық. Жыл басынан бері мемлекет кірісіне 52 млрд теңге өндірілді. Мұндай деректерді ОКҚ алаңында ҚР ӘМ вице-министрі Даниэль Ваисов айтты.