2024 жылы Қазақстанда дәрілік препараттарға баға белгілеу жүйесін жетілдіру мәселелері белсенді талқыланды. Республика аумағында сатылатын дәрі-дәрмектердің объективті құнын қалыптастыру үшін баламалы ақпаратты пайдалануға негізделген ашық және тиімді тетіктерді құруға басты назар аударылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев мәлімдеді.