«Қазақстан халқына» қоры әлеуметтік қолдау және оңалту саласында 29 жобаны іске асырып жатыр. Ерекше балаларға арналған облыстық және аудандық оңалту орталықтарын құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішев хабарлады.