Стандарттар өнім сапасын арттыруда үлкен рөл атқарады. Қазіргі уақытта нормативтік құжаттардың бірыңғай қорында 75 мыңнан астам құжат бар. ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекованың айтуынша, 2024 жылы 137 стандарт бекітілген, оның 34-і бизнес өкілдерінің бастамасымен әзірленген.