Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 млрд текше метрден астам су жіберді. Бұл осыған дейін жоспарланған көлемен 100 млн текше метрге артық. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері ОКҚ алаңында Солтүстік Арал су тасқыны немесе жаңбыр есебінен толып жатыр деген пікірдің қате екенін атап өтті. Мәселен, еліміздің оңтүстігінде ауқымды су тасқыны болған жоқ, дегенмен, судың көлемі артып келеді.