Мемлекет басшысының ірі қалаларда тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде I кезеңде жалпы сомасы 307,1 млрд теңгеге 65 жоба мақұлданды. 5 жоба бойынша «Жасыл даму» АҚ Өнеркәсіпті дамыту қорына 3,5 млрд теңге қаражат бөлді, оның ішінде 3,4 млрд теңгеге 4 жоба бойынша қаражат түпкілікті қарыз алушыға жіберілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді.