Спикер Арал теңізінің құрғаған түбінде фитолесомелиоративтік екпелерді отырғызу жөніндегі жұмыс туралы баяндады.

«2021-2024 жылдар аралығында 475 мың га алқапқа екпе отырғызылды. биылғы жоспар 428 мың га құрайды. Өткен жылы Қазалы қаласында қуаттылығы жылына 3 млн дана көшет болатын 33 га алқапта орман питомнигі пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы екі ұңғыманы бұрғылай отырып, 15 га алқапта Арал теңізінің құрғаған түбінде тікелей жаңа орман питомнигін құру жұмыстары басталды, бұл бейімделген отырғызу материалын алуға мүмкіндік береді», – деді Нүркен Шарбиев. 

Оның айтуынша, жұмыстарды ғылыми сүйемелдеу мақсатында Қызылордада Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының филиалы құрылуда. Ғалымдар екпелерді отырғызу, оның ішінде дрондарды пайдаланудың жаңа технологияларын сынақтан өткізеді.

Сондай-ақ вице-министр мемлекеттік қор аумағында 2 млрд ағаш отырғызу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

Вице-министрдің мәліметінше, 2024 жылы 205 мың га жерге 306 млн көшет отырғызылған. 

«Жалпы 2021-2024 жылдары 730 мың га алқапқа 1,1 млн көшет егілді. 2024 жылға арналған орман тұқымын жинау бойынша жоспарлар 130%-ға орындалды, бұл 2027 жылғы жұмысты отырғызу материалымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2025 жылға арналған отырғызу материалымен қамтамасыз ету 90%, оның ішінде Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында 104%, әкімдік мекемелерінде 85%-ды құрайды», – деді Нүркен Шарбиев.