Спикердің айтуынша, өрт жағдайларының 59% өрттің шығуына найзағай, 6%-ы дала өртінің ауысуы, 7% жеке және заңды тұлғалар себеп болған. «Семей орманы» және «Ертіс орманы» орман резерваттарында орман өртінің 88%-ы найзағайдан туындаған.

«2024 жылы орман өрттерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік орман иеленушілер 314 мың шақырым аумақта минералданған жолақтар мен өртке қарсы үзілістер жасап, оларға күтім жасау бойынша жұмыстар жүргізді, сондай-ақ мемлекеттік қорға іргелес аумақтарда 10,5 мың шақырым аумақта басқарылатын өртеу және шөптесін өсімдіктерді шабу жүзеге асырылды. Орман өрттерін уақытылы анықтау және жою мақсатында ерте анықтау жүйесін енгізу жалғасуда. Мәселен, 2023 жылы бұл жүйе «Көкшетау» ұлттық паркінде және «Ертіс орманы» резерватында енгізілді. Осыған ұқсас жүйелер Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, Бурабай және Медеу ұлттық парктерінде бар. Биыл 24 орман мекемесінде өртті ерте анықтау жүйесін орнату жоспарланған», – деді экология вице-министрі Нүркен Шарбиев.  

Бақылау-инспекциялық қызмет саласында аумақтық инспекциялар 1507 рейд және 825 тексеру жүргізді, оның барысында 1204 бұзушылық, соның ішінде 378 браконьерлік фактісі, 820 заңсыз кесу фактісі анықталды. 1015 әкімшілік хаттама жасалды. Құқық қорғау органдары мен соттарға 91 материал берілді. 1156 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 31,6 млн теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Бұл ретте, ағашты заңсыз кесу көлемі 2023 жылы 2 700 текше метрден 2024 жылы 800 текше метрге дейін қысқарды. Ғарыш сапарының суреттері бойынша ағашты заңсыз кесудің 12 жағдайы анықталды. Заңсыз кесумен күрестің тиімділігін арттыру үшін Экология министрлігі орман өнімдерін таңбалау тәжірибесін енгізуді жоспарлап отыр. 

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Табиғат қорғау мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру мақсатында өткен жылы 5,4 млрд теңге сомасына орман өрт және патрульдік техника сатып алынды. Лизингтік қаржыландыру шеңберінде табиғат қорғау мекемелеріне 60 трактор жеткізілді, 31 наурызға дейін 136 шағын орман өрті кешені жеткізіледі.

Нүркен Шарбиев ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі жануарлар дүниесін сақтау мақсатында тұрақты негізде қорғау іс-шараларын жүргізіп жатқанын атап өтті. ІІМ және ҰҚК-мен бірлесіп жыл сайын «Ақбөкен» акциясы өткізіледі. Акцияны өткізудің арқасында өрескел бұзушылықтардың 163 жағдайын анықтауға мүмкіндік туды, оның ішінде ақбөкендерді заңсыз аулаудың 85 фактісі, атап айтқанда, 292 ұшасы мен 12185 мүйізі тәркіленді. 

Фермерлерге ауыл шаруашылығы алқаптарын ақбөкендерден қорғауға жәрдемдесу үшін тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етумен «Охотзоопром» инспекторларының саны көбейтілмек.  

«Қабылданып жатқан шаралардың арқасында жыл сайын сирек кездесетін жануар түрлері популяциясының өсуі байқалады. Жануарларды реинтродукциялау жұмыстары жалғасады. 2024 жылы Көбейту орталығы 15 764 дуадақ табиғат аясына жіберілді. Прага хайуанаттар бағынан 7 бас Пржевальский жылқысы «Алтын Дала» резерватына, Нидерландтан Іле-Балқаш резерватына 2 жолбарыс әкелінді», – деді вице-министр Нүркен Шарбиев. 

Спикер құлан популяциясын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 66 дарақ «Іле-Балқаш» және «Алтын Дала» резерваттарына жеткізілгенін айтты.