«Қағаздан бас тартудың арқасында 450 млн теңге үнемделді. Министрлік жанындағы Цифрлық ақпарат орталығының бағалауы бойынша 7,5 млрд теңге көлеңкеден шығарылды», - деді спикер. 


Оның айтуынша, жүйені цифрландырудан кейін берілген анықтамалар саны бірнеше есе өсті. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуін көрсетеді. Сонымен қатар Дмитрий Мун балабақшаларға қабылдау және балаларды бір мектептен екінші мектепке ауыстыру процестерін оңтайландыруды атап өтті. Енді құжаттар онлайн режимінде беріледі. Бұл балабақшаға қабылдауды күту мерзімін 21 күннен 5 күнге дейін қысқартып, тиімділікті 66% - ға арттырды. Баланы басқа мектепке ауыстыру үшін ата-аналар онлайн режимінде өтініш бере алады. Барлық қажетті құжат, соның ішінде оқушының жеке ісі цифрлық форматта сақталады және мектепті ауыстыру кезінде қолжетімді болады. Егер бұрын қабылдау және ауыстыру процесі 5 күнге созылса, қазір ол 1 күнде орындалады, бұл процесті 66%-ға тиімдірек ұйымдастыруға мүмкіндік берді.