Оның айтуынша, әскери тағылымдамалар мен практикалық сабақтарды өткізу уақыты ұзартылды. Магистранттар мен курсанттар командалық-штабтық және әскери жаттығуларға қатысады. Қарулы Күштер үшін мамандар даярлау сапасын арттыру үшін теориялық оқытудан басқа, түрлі тренажерлер енгізілуде. Оқу процесі туралы барлық ақпаратты жинауға, сақтауға және өңдеуге, электрондық оқу материалдарын жасауға мүмкіндік беретін оқу процесін басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Жеке электронды кітапхана құрылды, ЖОО-лар еліміздегі беделді электронды ақпараттық жүйелерге қосылды, олардың жалпы көлемі 1 млн астам әдебиет атауларынан тұрады.


Әскери оқу орындарына түсу үшін өтінімдер беру процесі цифрландырылды. Ол Е-Gov арқылы қолжетімді болады. Үйден шықпай-ақ өтінім беру мүмкіндігі пайда болды,алдын ала медициналық куәландыру жойылды, арнайы тексеру онлайн жүргізіледі. Сонымен қатар спикер мерзімді қызмет сарбаздарына мемлекеттік білім беру гранттарын бере отырып, «Мерзімді қызмет сарбаздары 2.0» жобасының іске асырылуын атап өтті. 

«Бүгінгі таңда 2 мыңнан астам сарбаз сынақтан өтті, 2025 жылдың көктемінде әскери борышын өтегендер арасындағы 11 мыңнан астам сарбаз осы конкурсқа қатысуға ниет білдірген, олар тестілеуден өтеді. Бұл жобалардың барлығы оқу процесін ұйымдастырудың сапасын, ақпарат берудің жеделдігін және өзгерістерге жауап берудің икемділігін жақсартатыны сөзсіз», - деп қорытындылады Мұрат Олжабаев.