2025 жылдың 28 ақпанында «World Wide Minerals» канадалық уран компаниясының Қазақстан Республикасына қарсы талап қоюы бойынша 2013 жылдан бері жалғасып келе жатқан дау нәтижесінде Лондонның Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы үшін оң шешім шығарды, ол бойынша Республика талапкерлерге шамамен 65 млн АҚШ долларын төлеуге тиіс болатын 2024 жылы қабылданған шешімнің күші жойылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.