Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайту бойынша ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар іске асырылуда. 2024 жылы заңнаманы жетілдіру мақсатында балалардың құқықтарын қорғау саласында 6 негізгі заң қабылданды.  ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ брифингінде жаңадан қабылданған құжаттардың негізгі тетіктері жайында айтты.