Қазақстан Республикасы балалардың құқықтарын қорғауда халықаралық стандарттарды ұстанады. 2023 жылғы желтоқсанда Хабарлар рәсіміне қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттама ратификацияланды. Ағымдағы жылдың қаңтарында БҰҰ-ға мүше мемлекеттер елдегі адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын нығайту, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қазақстандық реформаларға жоғары баға берді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша балалар суициді 14%-ға төмендеді. 2023 жылғы Балалардың әл-ауқат индексін талдау оң динамиканы көрсетті. Бұл балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижелілігін көрсетеді. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында осылай деді.