Қазақстанда Қылмыстық кодекске есірткі құралдарымен байланысты қылмыс жасағандар үшін жазаны қатаңдатудың жаңа шаралары енгізіліп жатыр. Мысалы, жаңа 297-бап енгізіледі, онда ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрамында есірткі қылмысын жасаған адамдарға, білім беру ұйымдарында есірткіні сатқан кәмелетке толмағандарға қатысты жазаны қатаңдату көзделеді. Сонымен қатар өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, есірткі қылмысын жасаған лауазымды тұлғалар үшін жауапкершілік күшейтіледі. Енді қылмыстың осы түрлері үшін 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді.