Қазақстанда сот сараптамасын жүргізу кезінде виртуалды аутопсияны енгізу жоспарланған. Сонымен қатар елімізде Сот сараптамалары орталығының аумақтық бөлімшелерінің жағдайы жақсарып келеді. Жалпы, сот сараптамасы қалай дамып жатқаны туралы ОКҚ алаңында Сот сараптамалары орталығы директорының м.а. Бақытжан Байтілесов айтып берді.