Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауды нығайту жөніндегі жұмысын жалғастыруда. Мәселен, биыл жоғалған деректер тізілімін құру жоспарда бар. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов мәлімдеді.