Инфрақұрылым объектілеріне сұраныс артып отырған бүгінгі жағдайда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік маңызды құралға айналды. Бүгінде заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, соңғы жылдары мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жоспарлаудың тиімділігі мен ашықтығын арттыратын түзетулер қабылданды. ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті директорының орынбасары Әлішер Шаяхметовтің ОКҚ алаңында хабарлауынша, енді мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарттарын жасасу тек қана конкурстық негізде жүргізіледі. Ал, жоспарлау және конкурстық іріктеу рәсімдері цифрлық форматқа көшірілді.