Дамыған елдерде сақтандыру секторының активтері орта есеппен ЖІӨ-нің 7-8% құрайды, бұл оның экономикаға интеграциялануының жоғары дәрежесін көрсетеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш әлі де төмен. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ол ЖІӨ-нің 2,4%. құрады. Оған қарамастан, соңғы жылдары сақтандыру нарығының негізгі көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады. 2024 жылы сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға ұлғайып, 3,2 трлн теңгеге жетті. Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 2,5 есе өсті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева мәлімдеді.