Ағымдағы жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 105 ардагері және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы 40 707 азамат тұрады. Соғыс кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер құрылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ алаңында жауынгерлік еңбегі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталғанын атап өтті.