Еліміздегі Ұлы отан соғысының ардагерлеріне әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары көрсетіледі. Мәселен, олар үшін салық салуда жеңілдіктер қарастырылған, Астана және Алматы қалаларындағы мамандандырылған госпитальдарда білікті медициналық көмек көрсетіледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында хабарлады.