Қазақстан шегірткемен күрес аясында Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанмен ынтымақтастық орнатқан. Қазіргі кезде барлық аталған елдермен тиісті келіссөздер жүргізілді. Оның басты мақсаты – бірлескен болжам жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көрші елден шегіртке тектес зиянкестердің Қазақстан аумағына кірмеуін қамтамасыз ету. Бұл туралы КҚ алаңында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады.