Атқарушылық құжаттардың толық және уақытылы орындалуы азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді. 2025 жылғы 1 тоқсанда сот орындаушыларының орындауында шамамен 11,3 трлн теңгені құрайтын 5,9 млн құжат болды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Әділет министрлігі Міндетті атқару комитетінің төрағасы Махсат Балабеков хабарлады.