ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде балалардың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осы орайда жауапты ведомство көптеген шараны қолға алып отыр. Мәселен, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайту және өңірлерде балаларды сапалы білім алу үшін лайықты жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы іске асырылуда.