Президенттің су үнемдеу технологияларын қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін 2024 жылдан бастап жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәселен, фермерлер үшін инфрақұрылымды жүргізу кезінде ұңғымаларды бұрғылауға, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Бұл жайында ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев ОКҚ алаңында хабарлады.