Қазір Қазақстанда темекі өнімдері, аяқ киім және дәрілік бұйымдар міндетті таңбалауға жатады. Негізгі мақсат – контрафактілік өнімдермен күресу және тауар қозғалысының барлық кезеңінде ашықтықты арттыру. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов айтты.