Бірер күнде ел мектептері оқушыларға есігін айқара ашады. Балалардың «үй-мектеп-үй» бағытымен жүретін уақыты барлық ересек буынның ерекше назарын талап етеді. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ата-аналарға мұғалімдер және полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеу керектігін ескертті. Яғни әр баланың мектепке баратын ең қауіпсіз жолын анықтап, баланың сол жолды жатқа біліп, қауіпсіз бару қайтуын қамтамасыз ету қажет.