Қазақстанның ХҚКО-дағы кезектерді азайту мақсатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі уәкілетті органдармен бірлесіп, жоғары сұранысқа ие 10 қызметке реинжиниринг жүргізуді жоспарлап отыр. Олар барлық сұраныстың шамамен 80%-ын құрайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.