Үкімет алдында 2029 жылға қарай экономиканың көлемін екі есеге арттыру міндеті тұр. Сондықтан Қазақстанда табысты инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа инвестициялық циклды бастау қажеттігін атап өтті. Жаңа инвестициялық цикл шеңберінде технологиялардың Қазақстанға трансфертін жүзеге асыруға қабілетті, жергілікті персоналды оқытатын және қазақстандық тауарлар үшін жаңа сыртқы нарықтарға қолжетімділікті ашатын негізгі инвесторларды іздеу және тарту басымдыққа ие болады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.