Елімізде жыл сайынғы жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау ауруының маусымы басталды. Республикада жыл сайын 4 млн жуық ЖРВИ және 2 мыңға дейін тұмау жағдайы тіркеледі. Тұмау мен ЖРВИ-дің эпидемиологиялық жағдайына апта сайын мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.